Гонконгте өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы жартылай финалға жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Ширек финалда Дания құрамасын 45:36 есебімен жеңіп, жүлде үшін күресу мүмкіндігін сақтап қалды.
Қазақстан сапында Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадик Шарлаимов өнер көрсетуде.
