Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы финалға жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Жартылай финалда отандастарымыз Мысыр құрамасын 41:32 есебімен жеңді. Осылайша, ұлттық құрама әлем чемпионатындағы ең үздік нәтижесін тіркеді. Бұған дейін 2025 жылы жеңіп алған қола медаль болатын.
Енді алтын жүлде үшін Қазақстан құрамасы Украинамен кездеседі.
Айта кетейік, командалық жарыста ел намысын Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Кирилл Проходов қорғайды.
