IBA әлем чемпионатында жүлде алған қазақ боксшылары сыйақыларын әлі алған жоқ, деп жазады Sportbugin.kz.
2025 жылы Дубайда өткен IBA әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне тиесілі ақшалай сыйақы әлі берілген жоқ.
Боксшылардың айтуынша, сыйақы жақын арада берілуі тиіс екені бірнеше рет айтылған.
Аталған әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов, Абылайхан Жүсіпов және Оразқұл Асылқұлов алтын медаль жеңіп алды. Сабыржан Аққалықов күміс жүлдеге ие болса, Теміртас Жүсіпов пен Ертуған Зейнуллинов қола медальға қол жеткізді.
Әзірге бұл сыйақының қашан берілетіні және оның не себепті кешігіп жатқаны туралы Умар Кремлев басқаратын IBA тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
