Еркебұлан Тоқтар 28 тамызда Астанада өтетін International Boxing Day турнирінде кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Оның қарсыласы өзбекстандық муай-тайдан әлем чемпионы Бобиржон Исроилов. Екі спортшы екінші орта салмақта кәсіби бокс ережесі бойынша кездеседі.
Бұл Еркебұлан Тоқтардың Артём Тарасовпен жекпе-жегінен кейінгі алғашқы айқасы болмақ.
