Әнел Тәшбай Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз тасжолдағы велоспорттан жекелей уақытқа жарыста үздік нәтиже көрсетті. Ол белгіленген қашықтықты 11 минут 32,57 секундта бағындырып, қарсыластарынан озып шықты.
Күміс жүлде 11:37.62 уақыт көрсеткішімен словакиялық Каролина Гайдуковаға бұйырса, үздік үштікті 11:43.65 нәтижесімен ресейлік Ангелина Новолодская түйіндеді.
Айта кетейік, осымен Қазақстан құрамасының жасөспірімдер Олимпиадасындағы медаль саны үшке жетті. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын медаль иеленсе, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола жүлдегер атанған еді.
