Бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында топ жарған Санжарәлі Бегалиевті жерлестері ерекше құрметпен қарсы алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода шымкенттік кәсіпкер боксшыға тілегін арнап, болашақта Олимпиада чемпионы атанса, қалаған сыйлығын беруге дайын екенін жеткізген.
«Қазақстанның туын көкке көтеріп, Шымкенттің, Сайрамның абыройын асқақтататын болсаң, Олимпиада чемпионы атансаң, осы жерде ағаларың бар. Қаласаң — үй, қаласаң — жаңа автомобиль, қалаған пәтеріңді алып береміз», — деді кәсіпкер.
Айта кетейік, 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Санжарәлі Бегалиев Қазақстан чемпионатының финалында Батыс Қазақстан облысының өкілі Өнер Сейілханды жеңіп, ел чемпионы атанды.
