Хорватия астанасы Загребте дзюдодан Гран-при турнирі басталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
52 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан отандасымыз Аружан Ережепова
Париж Олимпиадасының чемпионы, Өзбекстан өкілі Диёра Келдиёровамен кездесті.
Белдесу барысында өзбекстандық спортшы иппон және вазари бағаларын алып, жеңіске жетті. Осылайша, Аружан Ережепова Загребтегі Гран-при турниріндегі жарыс жолын аяқтады.
Айта кетейік, Диёра Келдиёрова бұған дейін декреттік демалыстан кейін үлкен спортқа қайта оралып, Ақтауда өткен Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алған еді.
