
LEIPZIG, GERMANY - JULY 02: Merih Demiral of Turkey celebrates his second goal by making a Grey Wolf salute ( linked to Extremist far-right politics ) and has been condemned by Germany's interior minister Nancy Faeser and also fallen under investigation by UEFA, during the UEFA EURO 2024 round of 16 match between Austria and Turkiye at Football Stadium Leipzig on July 02, 2024 in Leipzig, Germany. (Photo by Jonathan Moscrop/Getty Images)
УЕФА Еуропа чемпионатында екі гол соққан түркиялық Мерих Демиралды екі матчқа шеттетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұған түркиялық қорғаушының өз еліндегі ұлтшылдар тобы – «Сұр қасқырлардың» ишарасын көрсеткені себеп.
Айта кетелік, 2 шілде күні Түркия құрамасы Австрияны 2:1 есебімен жеңіп, Еуропа чемпионатының ширек финалына шыққан болатын.
Сол матчта екі голды да Түркия құрамасының қорғаушысы Мерих Демирал соқты. Ол екінші голын тойлау барысында Түркиядағы ұлтшылдар тобы «Сұр қасқырлардың» белгісін қолмен көрсеткен.
Футболшының бұл әрекеті УЕФА тарапынан қараусыз қалмай, Демирал екі ойыннан шеттетілді.
Ширек финалда Түркия Нидерланд құрамасына қарсы ойнайды. Матч 6 шілдеде өтеді.