Қазақстан бокс федерациясын жаңа бас хатшы тағайындалды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Ақшалов Мерей Төлегенұлы ҚБФ бас хатшысы қызметіне тағайындалды.
Мерей Ақшалов — 36 жаста. Ол бокстан Алматыда өткен әлем чемпионатының жеңімпазы (2013), Азия чемпионы, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері.
Айта кетелік, бұған дейін Ақшалов мемлекеттік жаттықтырушы міндетін атқарған болатын.