![01](https://sportbugin.kz/wp-content/uploads/2025/02/01.jpeg)
Мәжіліс депутаттары легионерлерді бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салуды талап етіп, заңға түзету енгізбек. Түзету бойынша, легионерлерді квазимемлекеттік сектор қаражатымен қамтамасыз етуге де тыйым салынбақ, деп жазады Sportbugin.kz.
«Осылайша, мемлекет бұдан былай легионерлерді қаржыландырмайды. Бұл норма президенттің мемлекет қаржысынн тиімді пайдалану туралы тапсырмасын орындау мақсатында заң жобасына енгізілді», — делінген палатаның баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
Айта кетелік, астаналық «Барыс» хоккей клубы Солтүстік Америка хоккейшілерімен келісімді тұтас бұзып, оларға жүздеген миллион компенсация төледі.
Әзірге, команда сапында бір ғана легионер қалған. Ол швециялық қақпашы Юхан Маттссон. Оның бір жылдық жалақысы – 141,7 миллион теңге. Соңғы рет ол айдынға былтыр 5 қазанда шықты.