
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Шорт-тректен 2000 метрге жарысудан аралас командалық сында қазақстандықтар күміс медаль иеленді. Бұл бәсекеде ел намысын Яна Хан, Малика Ермек, Денис Никиша мен Әділ Ғалиахметов қорғады.
Мұнда алтынды Оңтүстік Корея, қоланы Жапония құрамалары еншілеген.
Сондай-ақ, конькимен жүгіруден Евгений Кошкин күміс медаль жеңіп алды. Ол 100 метрге жарысудан Қытай спортшысына ғана есе жіберген.
Фото: Сали Сабиров, olympic.kz