
30 наурыз бен 6 сәуір аралығында Бразилияда World Boxing ұйымдастыруымен бокстан әлем кубогының алғашқы кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Бразилияға қосалқы құрамдағы боксшыларды қатыстыруды жөн санаған.
Әлем кубогында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар:
— 50 келі – Нұрзат Оңғарұлы
— 55 келі – Нұрсұлтан Алтынбек
— 60 келі – Талғат Сырымбетов
— 65 келі – Алмат Абдуәлі
— 70 келі – Дархан Дүйсебай
— 80 келі– Диас Молжігітов
— 85 келіг – Дәулет Төлемісов
— 90 келіден жоғары – Даниял Сапарбай