
Ресейдің Хабаровск қаласында Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстандық Сәкен Бибосынов жарыстың жартылай финалына өтті. Ол турнир кестесі бойынша екі дүркін Олимпиада чемпионы, өзінің ежелгі қарсыласы Хасанбай Досматовпен кездесуі керек еді.
Алайда, Досматов өзінің командалас інісіне ағалық жолын беріп, келесі кезеңге Фариезбек Досматов өтті.
Осылайша, Бибосынов финал жолдамасы үшін тағы бір Досматовпен күш сынасады.
Айта кетелік, Сәкен алғашқы айналымда ресейлік боксшыны айқын басымдықпен ұтты.