
Астанада күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтіп жатыр. Еркін күрестен жеңімпаз атанған спортшылар арасында ресейлік легионер, Ресей сапында әлем чемпионы атанған Начын Куулар да бар, деп жазады Sportbugin.kz.
Начын Куулар 65 келі салмақта ел кубогының иегері атанды. Финалда ол ақтөбелік Мейрамбек Қартбайдан басым түскен.
Осыған орай, Лондон Олимпиадасының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров пікір білдірді.
«Президентіміз жақында легионерлер туралы заңға қол қойды. Ал Начын Куулардың Қазақстан азаматтығын алғанына 2-3 жыл болған. Қазақстан азаматы болған соң, оған он рет айтсаң да, жүз рет айтсаң да, дымға пайдасы жоқ.
Оның үстіне, 65 келі салмақтағы отандық балуандар да нашар. Бұған дейін 57 келіде күресіп жүрген Мейрамбек Қартбай шықты финалға», — деді Ақжүек Таңатаров.
Айта кетелік, Начын Куулар Ресей құрмасы сапында 23 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем және Еуропа чемпионы атанған.а
Қазақстан сапында 2023 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Автор: Ынтымақ Ынтызарқызы