
Бұл күндері Таиландта бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр. Аталған сында алғашқылардың бірі болып Төрехан Сабырхан жартылай финалға шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
70 келіде жұдырықтасып жатқан Төрехан алғашқы айналымда Оңтүстік Корея боксшысын жеңген.
Екінші жекпе-жекте ол Филиппин спортшысынан басым түсті.
Осылайша, Төрехан Сабырхан турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Төреханнан бөлек, Нұрсұлтан Алтынбек, Дулат Бекбауов, Тимур Нұрсейіт, Данияр Рахымбердиевтер сәтті өнер көрсетуде.