
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті, деп жазады Sportbugin.kz.
Спорттық жаяу жүрістен сынға түскен Ясмина Тоқсанбаева құрлық додасының қола жүлдегері атанды. Ол 20 шақырымды 1 сағат 32:22 уақыт көрсеткішінде бағындырды.
Ясминаның алдын ораған екі қытайлық спортшы екенін еске саламыз.
Бұл қазақстандық спортшының Азия чемпионатына алғаш рет қатысуы. Бұған дейін ол мұндай ірі жарыстарда бақ сынамаған.
Сондай-ақ, Қазақстан командасы спорттық жүрістен араға 16 жыл салып, Азия біріншілігінің медалін иеленіп отыр.