
Астана 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz.
⠀
Бүгін Катарда Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Бас ассамблеясында 2027, 2028 және 2029 жылдардағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдер анықталды.
⠀
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша АҚШ ең аз дауыс жинап, екінші кезеңге Қазақстан мен Франция өтті.
Қорытынды дауыс беру нәтижесі төмендегідей:
• Қазақстан — 54,68 %
• Франция — 45,32 %
⠀
Айта кетейік, еліміз алғаш рет үстел теннисінен әлемдік басты турнирді қабылдайтын болады.
Алдағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдер:
•2027 — Қазақстан (Астана)
• 2028 — Жапония (Фукуока)
• 2029 — Бразилия (Рио-де-Жанейро)