
Ботагөз Қапанова Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстандық таеквондошы Ботагөз Қапанова Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан беделді Chuncheon Korea Open (G2) халықаралық турнирінің қола жүлдегері атанды.
Ботагөз жарыс барысында Қытай, Филиппин және тағы бір Қытай спортшысын жеңіп, жартылай финалға дейін сүрінбей жетті. Өкінішке қарай, жартылай финалда Оңтүстік Корея құрамасының спортшысына есе жіберді.
Таеквондодан (WT) Chuncheon Open турнирі G2 санатына жатады және әлемнің үздік таеквондошылары қатысатын беделді дода болып саналады.