
Венгрия астанасы Будапештте күрес түрлерінен рейтингілік турнир басталды. Бұл бәсекенің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан қоржынына бір қола медаль түсті, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 61 келі салмақта белдескен Асылжан Есенгелді турнирдің қола жүлдегері атанды.
Ол іріктеу айналымында Пуэрто-Рика және АҚШ балуандарынан басым түсті. Жартылай финалда жапондық Такара Судамен белдесіп, 3:4 есебімен жол берді.
Ал қола медаль үшін өткен кездесуде түркістандық балуан Грузия өкілі Георгий Гониашвилиді 10:0 есебімен ұтты.
Бірінші жарыс күнінде белдескен тағы бір спортшымыз Болат Сақаев қола медаль үшін белдесуде есе жіберіп, бесінші орынды қанағат тұтты.
Бұл сынға ұлттық құрама үздіктері Ризабек Айтмұхан мен Нұрғожа Қайпанов қатыспайды.