
Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Аталған жарыс 23-26 шілде аралығына жоспарланған. Турнирге әлемнің 15 мемлекетінен 235 жас теннисші қатысады деп күтілуде.
Атап айтар болсақ, Алатау төрінде Гонконг, Үндістан, Катар, Қытайлық Тайпей, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түркменстан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Жапония, Қазақстан спортшылары өзара бақ сынайды.
Жарысты қабылдаушы мемлекет Қазақстан сапынан түрлі жас санатындағы 86 спортшы сынға түседі.
Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) мен Әлемдік үстел теннисі (WTT) қолдауымен өтетін турнир жасөспірімдер сериясының күнтізбесіне енген және әлемдік рейтинг бойынша ұпай таратады.
Үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінде төмендегі жас ерекшеліктері бойынша жүлделер ойнатылады:
1. 11 жасқа дейінгі қыздар мен ұлдар, жекелей сын;
2. 13 жасқа дейінгі қыздар мен ұлдар, жекелей сын;
3. 15 жасқа дейінгі жасөспірім ұл-қыздар, жекелей сын;
4. 17 жасқа дейінгі жасөспірім ұл-қыздар, жекелей сын;
5. 19 жасқа дейінгі жасөспірім ұл-қыздар, жекелей сын;
6. 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында аралас жұптық сын;
7. 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында аралас жұптық сын.
Турнир Алматы қаласын Нұркент, 14 Б мекенжайында орналасқан ADD Ustel Tennis Ortalygy кешенінде өтеді. Кіру тегін.
Сондай-ақ, жарыс тікелей эфирде Qazsport арнасынан көрсетіледі.