
Дзюдодан Моңғолияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық балуандар анықталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
IJF мәліметінше, бұл жарыста Қазақстан атынан 8 балуан бақ сынайды. Олардың қатарында ұлттық құрама үздіктері жоқ.
Төменде балуандардың тізімі көрсетілген:
Ерлер
60 келі: Талғат Орынбасар, Нұраділ Әлжан
66 келі: Ержан Еренғайыпов, Бауыржан Нарбаев
73 келі: Саят Сейітқалиев
81 келі: Мейіржан Жұмабек
90 келі: Ермахан Әнуарбеков
Әйелдер:
52 келі: Толғанай Әбеуова