
Бокстан Таиландта өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында қазақстандық боксшы жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
75 келі салмақта сынға түскен Аман Қонысбеков өзбекстандық Шавкатжан Болтоевпен сынға түскен болатын.
Тартысты жекпее-жекте төрешілер 4:1 есебімен жеңісті өзбек боксшысына берді.
Бүгін шаршы алаңа шыққан Илья Калинин, Нұрбек Мұрсал, Санжарәли Бегалиев, Нұрислам Қалдыбаевтар келесі кезеңге өтті.