
Бокстан Қазақстан жастар құрамасының мүшесі Аман Қонысбеков Таиландтағы Азия чемпионатында өзбек боксшысына есе жіберді. Спортшы жеңілістен соң бір ауыз пікірін білдірген, деп жазады Sportbugin.kz.
«Аллахым көріп тұр ғой. Үйреншікті жағдай мен үшін. Мен мұндайға сынбаймын», — деп жазды Аман желідегі парақшасында.
Айта кетелік, Аман Қонысбеков Өзбекстанда дүниеге келген қазақ боксшысы. Былтыр Қазақстанға қоныс аударған ол жастар арасында Азия чемпионы атанып үлгерген.
Бұған дейін ол Өзбекстан чемпионатында жүлдегер атанған.