
17–24 тамыз аралығында Болгарияның Самоков қаласында жастар (20 жасқа дейін) арасындағы әлем біріншілігі өтті. Аталған сында қазақстандық балуандар бір алтын, екі күміс және жеті қола медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен Едіге Қасымбек аса ауыр салмақта чемпион атанды. Камиль Куруглиев (92 келі) күміс, Нұрданат Айтанов (57 келі), Самир Дурсунов (97 келі), Құл-Ғайып Досжан (74 келі) қола медальға қол жеткізді.
Еркін күрес шеберлері командалық есепте 2-орынға тұрақтаған.
Әйелдер күресіндегі жалғыз қола жүлдені Анна Стратан (57 келі) иеленді.
Ал грек-рим күресінен Диас Сейітқалиев (82 келі) финалда жеңіліп, күмісті қанағат тұтса, Арсен Жұма (55 келі), Юсуф Ашрапов (72 келі) және Темірлан Тұрдақынның (87 келі) еншісінде қола медаль бар.