
3-6 шілде күндері Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін байрақты бәсекеге Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ливан, Моңғолия, Халықаралық дзюдо федерациясының құрамасы және АҚШ елдерінен 700-ге жуық татами шебері қатысады деп жоспарланған. Төрт күнге созылатын дүбірлі дода Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтеді.
Жарыс нәтижесі бойынша Азия кубогінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейингте ұпай қосылады: І орын – 100 ұпай, ІІ орын – 60 ұпай, ІІІ орын – 40 ұпай.
Сондай-ақ, Азия кубогы аясында төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған халықаралық семинар өтеді. Семинарға Польша, Египет, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Үндістан, Иран, Недерланд, Жапония және Сауд Арабиясынан 80 төреші қатысады.
Бекет Махмұтов — 2009-2012 жылдары Қазақстан дзюдо федерациясының президенті, Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарған спорт функционері. Аталған жарыс Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес, биыл дәстүрлі түрде жетінші рет ұйымдастырылғалы отыр.
Жарыс бағдарламасы
3 шілде
Жасөспірімдер
Жарыстың басталуы – 10:00*
Финал – 17:00*
Ұлдар: -50 кг, -55 кг, -60 кг, -66 кг, -73 кг
Қыздар: -40 кг, -44 кг, -48 кг, -52 кг,-57 кг,
4 шілде
Жасөспірімдер
Жарыстың басталуы – 10:00*
Финал – 17:00*
Ұлдар: -81 кг, -90 кг, +90 кг
Қыздар: -63 кг, -70 кг, +70 кг
5 шілде
Жастар
Жарыстың басталуы — 10:00*
Финал – 17:00*
Ұлдар: -60 кг, -66 кг
Қыздар -48 кг, -52 кг
6 шілде
Жастар
Жарыстың басталуы – 10:00*
Финал – 17:00*
Ұлдар: -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг;
Қыздар: -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.