Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогының 2-кезеңінде қазақстандық Милад Карими 2 медаль жеңіп алды, деп жазады Sporbugin.kz.
Ұлттық құрама спортшысы керме жаттығуының финалында 15.033 ұпай жинап, 2-орынға тұрақтады.
Керме жаттығуы, жүлдегерлер:
1. Танг Чиа Хун (Қытайдың Тайпейі) 15.366 балл
2. Милад Карими (Қазақстан)
3. Анхель Барахас (Колумбия) 14.400 балл
Осы бағдарламадағы тағы бір отандасымыз Диас Тойшыбек жүлдеге бір табан жетпей 4-сатыдан көрінді (13.900 ұпай).
Айта кетейік, алғашқы финал күні Милад еркін жаттығудың финалында 14.300 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанған.
Осылайша, Қазақстан командасы Бакудағы кезеңді 2 күміс медальмен аяқтады.
