Қазақстан каратэ федерациясына жаңа вице-президент сайланды, деп жазады Sportbugin.kz.
Ғалымбек Жақсылық Қазақстан каратэ федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде Қарағанды қаласында өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты кезінде белгілі болды.
Ғалымбек Жақсылықұлы 1977 жылы 12 сәуірде қазіргі Қызылорда облысында дүниеге келген. Түрлі жылдары каратэ спортынан жаттықтырушы және өңірлік федерация басшысы ретінде қызмет еткен.
Бүгінде Ғалымбек Жақсылық — Halyk қайырымдылық қорының атқарушы директоры және Auyl Sport жобасының жетекшісі.
