20 наурыз Тблисиде (Грузия) дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі басталады, деп жазады Sportbugin.kz.
Тблиси татамиінде өтетін байрақты бәсекеге 53 елден 424 спортшы қатысады деп жоспарланған.
20-22 наурыз күндері өтетін додаға Қазақстан ерлер құрамасы толық құраммен қатысады. Қатысушылар арасында Мағжан Шамшадин де бар. Мағжан Ташкентте өткен турнирде жеңіліп қалған еді.
Ерлер:
-60 кг: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар
-66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
-73 кг: Аңсарбек Ғайнуллин, Ануар Жұмагельдин
-81 кг: Асқар Нарқұлов, Мәди Амангелді
-90 кг: Барақ Арқабай
-100 кг: Бақжан Байтас, Бейбіт Мәдиев
+100 кг: Еламан Ерғалиев
