Жапонияда өткен кураш чемпионатына әйгілі жапон дзюдошысы Оёши Кен қатысып, жанкүйерлер назарын өзіне аударды, деп жазады Sportbugin.kz.
Оёши Кен — Жапонияның бірнеше дүркін жүлдегері және әлемдік деңгейдегі Grand Slam турнирлерінің жеңімпазы мен жүлдегері.
Айта кетейік, өзбектің ұлттық күресі — Азия ойындарының бағдарламасына енген және соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Бұл спорт түріне әлемнің әр түкпірінен танымал спортшылардың қызығушылық танытуы оның халықаралық беделінің артып келе жатқанын көрсетеді.
