Криштиану Роналду алты әлем чемпионатында гол соққан алғашқы футболшы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Әлем чемпионатының K тобының екінші турында Португалия құрамасы Өзбекстанды 5:0 есебімен ойсырата жеңді.
Матчтың 6 және 39-минуттарында Роналду екі гол соқты. Қазір 41 жастағы шабуылшының еншісінде әлем чемпионаттарында соғылған 10 гол бар.
Матчтан кейін Португалия құрамасының капитаны: «Мен өте қуаныштымын. Ең бастысы — команда ретінде жақсы ойнадық. Біз бар күшімізді салдық, қиын сәттерді де бастан өткердік. Біз қайта оралдық», — деді.
Айта кетейік, Португалия құрамасы енді топтық кезеңнің соңғы турында Колумбиямен кездеседі.
