19 жастағы Кирилл Проходов Азия чемпионатында Олимпиада чемпионын жеңді, деп жазады Sportbugin.kz.
Үндістанда өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында ерлер арасындағы командалық сапы сайысында Қазақстан құрамасы алтын жүлдеге қол жеткізді.
Финалда қазақстандықтар Токио Олимпиадасының чемпионы әрі Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапония құрамасын 45:40 есебімен тізе бүктірді.
Шешуші кезеңде 19 жастағы Кирилл Проходовқа Жапония көшбасшысы, Токио Олимпиадасының командалық чемпионы және Париж Олимпиадасының жеке сайыстағы жеңімпазы Коки Канноға қарсы шығу сеніп тапсырылды.
Жас спортшы есептегі басымдықты сақтап қана қоймай, айырманы ұлғайтып, команданың жеңісіне зор үлес қосты.
Осылайша, Ерлік Сертай, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходовтан құралған Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
