MMA файтері Самандар Рузматовтың октагонға той әнімен шығуы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
Желі қолданушылары бұл әуенді ести сала: «90-жылдары той соңындағы төбелестер дәл осы әнмен басталатын еді» деп әзілдеп, спортшының музыкалық таңдауын ерекше әрі сәтті шешім ретінде бағалады.
Бұл ән жекпе-жек алдындағы шоудың бір бөлігі ретінде таңдалған.
Білуімізше, бұл Самандар Рузматовтың октагонға той әнімен алғаш рет шығуы емес. Ол бұған дейін де осындай ерекше музыкалық сүйемелдеумен жанкүйерлердің көңілін көтеріп, көпшіліктің назарын аударған болатын.
