Баку қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Айша Әбдімәлік финалға шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Әйелдер күресінен 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айша жартылай финалда Грекия өкілі Василики Каравануды сенімді түрде жеңді.
Енді қазақстандық балуан финалда Моңғолия спортшысы Ариунул Болдбаатармен кездеседі.
Сонымен қатар, 49 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан Аянат Мейнамбай қола жүлде үшін белдеседі. Оның қарсыласы жұбаныш белдесулерінің қорытындысы бойынша анықталады.
