Кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек АҚШ-тағы адамдардың қазақтар туралы қалыптасқан түсінігі жайлы айтып берді, деп жазады Sportbugin.kz.
Боксшының айтуынша, америкалықтардың көбі қазақтардың түр-келбетін Геннадий Головкинге қарап елестетеді.
«АҚШ-та бәрі қазақтарды Головкин сияқты елестетеді. “Қазақтардың түрі осындай ғой” деп ойлайды. Бізді көргенде: “Сен шынымен қазақсың ба?” деп таңғалып жатады. Өйткені олардың ойында қазақтардың бәрі Гена сияқты аққұба болады деген түсінік қалыптасқан», — деді Сұлтан Заурбек.
Бұл пікір әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жанкүйерлер де өз ойларын білдірді.
«Гена өз кардына қазақ боксшыларын қосқанда, АҚШ-та қазақтардың қандай болатынын көбірек білер еді», «Головкин Қазақстанның атын әлемге танытты. Бірақ өкінішке қарай, қазақ боксшыларының ешқайсысын өз командасына тарта алмады», — деген пікірлер жазылды.
