Асу Алмабаев АҚШ-тың Кливленд қаласында өтетін RAF 12 турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Алмабаев еркін күрестен өтетін жарыста америкалық Джонни ДиДжулиуспен кездеседі.
Асц үшін бұл — RAF лигасындағы алғашқы жекпе-жек. Ал оның қарсыласы Джонни ДиДжулиус аталған ұйымда үш рет белдескен.
Америкалық балуан отандасы Конор Бибті жеңіп, мексикалық Пат Луго мен грузиялық Владимир Хинчегашвилиден жеңіліп қалған.
