Арина Соболенко US Open-2026 финалындағы жеңілісінен кейін эмоциясын жасыра алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
Беларусь спортшысы шешуші кездесуден соң ракеткасын сындырып, эмоцияға ерік берді. Кейін оны түсіруге келген операторға да ашуын білдірді.
Айта кетейік, Елена Рыбакина финалда Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, US Open турнирінің чемпионы атанды. Бұл — қазақстандық теннисшінің аталған жарыстағы алғашқы жеңісі.
