Елена Рыбакинаның Арина Соболенкомен өткен US Open-2026 финалын әлемге танымал көптеген жұлдыз тамашалады, деп жазады Sportbugin.kz.
Әйелдер арасындағы турнирдің шешуші кездесуін көруге Брэд Питт, Пэрис Хилтон, Ирина Шейк, Пинк, Эми Адамс, Элизабет Бэнкс, Рами Малек, Эндрю Гарфилд және басқа да танымал тұлғалар келген.
Әсіресе әлеуметтік желіде Брэд Питттің матч барысындағы реакциясы көпшіліктің назарын аударды. Актер ойын кезінде Рыбакинаны қолдап, қазақстандық теннисшінің жеңісінен кейін оған қол соқты.
Финалды тамашалағандардың қатарында Ирина Шейк, Джессика Честейн және Спайк Ли де болды.
