Арина Соболенко US Open турнирінде Material Good бренді арнайы дайындаған зергерлік бұйымдар жиынтығын тағып шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Беларусь теннисшісі 25 тамызда кортқа жалпы салмағы 127 караттан асатын түрлі-түсті асыл тастармен безендірілген алқа, білезік және сырғадан тұратын жиынтықпен шыққан. Тапсырыспен жасалған әр бұйымның құны шамамен 110 мың долларды құрайды.
Аталған жиынтық арнайы US Open турниріне арналып жасалған. Авторлардың айтуынша, түрлі-түсті тастар Нью-Йорктің көпұлттылығын, энергиясы мен ерекше қарқынын білдіреді.
«Бұл жүз пайыз Нью-Йорктен шабыттанған. Түрлі-түсті, батыл, көңілді және винтажды стильде жасалған. Әртүрлі пішіндер мен тастар бар. Меніңше, бұл Нью-Йоркті керемет сипаттайды», — деді Арина Соболенко.
Айта кетейік, қаңтар айында теннисші Gucci сән үйінің амбассадоры атанған еді.
