Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында әртістік жүзуден жұптық сайыста қола жүлдеге ие болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық жұп 286,0826 ұпай жинап, үшінші орын алды.
Алтын медальді 322,8468 ұпай жинаған Қытай өкілдері Линь Яньцзюнь мен Сюй Хуэйян жеңіп алды. Күміс жүлде 291,7134 ұпаймен жапониялық Моэ Хига мен Томока Сатоға бұйырды.
Қазақстандықтар екінші орын алған жапониялық жұптан 5,6308 ұпайға қалып қойды.
