Ауыр атлет Аянат Жұмағали Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандасымыз әйелдер арасында 77 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.
Ол жұлқа көтеруде 109 келіні, серпе көтеруде 137 келіні бағындырды. Осылайша Аянат қоссайыс қорытындысы бойынша 246 келіні еңсерді.
Қытайлық Хэ Жэньсю алтын медаль жеңіп алды — 258 (118+140). Рейхане Карими (Иран) үздік үштікті түйіндеді 243 (107+136).
