2018 жылғы Жасөспірімдер Олимпиадасының финалисті, қазақстандық Талғат Шайкен (9-0, КО 5) мен 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы өзбекстандық Сайджамшид Джафаров арасындағы жекпе-жек келесі гранд турнирі 27 сәуірде Алматыда өтетін IBA Night of Champions сериясы басты айқасына айналмақ. 10 раундқа созылатын жекпе-жекте 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде IBA белбеуіне үміткер атағының тағдыры шешіледі, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бастапқыда Джафаровтың қарсыласы 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы, қазақстандық Данияр Елеусінов болуы керек еді, бірақ боксшы медициналық себептерге байланысты жекпе-жекке шыға алмайды. Талғат IBA Night of Champions турниріне дайындалып жатқан еді, ол Ресей чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, 2022 жылғы Спартакиаданың жеңімпазы Юрий Осиповқа (4-0, КО 3) қарсы рингке шығуы керек болатын. Нәтижесінде Осипов 27 сәуірде қазақстандық тағы бір спортшы Фарух Тоқтасыновпен (1-0) кездеседі.
Алматыда өтіп жатқан IBA Night of Champions турнирінің негізгі жарысында 2019 жылғы әлем чемпионы қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов (6-0, КО 2) 80 келіге дейінгі жекпе-жекте доминикандық Луис Антони Техедамен кездеседі. Сондай-ақ, Алматыдағы турнирдің негізгі бөлімінде орта салмақтағы ресейлік Магомед Мадиев (16-1-3, КО 5) 75 келіге дейінгі салмақта эквадорлық Абель Минамен (17-3-1, КО 9) 8 раундтық жекпе-жек өткізеді.
Ұйымдастырушылар 27 сәуірде өтетін турнир билеттерінен түскен қаражатты Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жолдайды!