27 сәуірде Астанада бокстан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Күтпеген жаңалық 2023 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың турнир қатысушылар тізімінде жоқ. Жұлдызды боксшының жасы 22-ге толмағандықтан және Олимпиадаға қатыспайтындықтан (Парижде бұл салмақта Сәкен Бибосынов өнер көрсетеді) жарыс қаьысушыларының қатарында болғанымен, жарақатына байланысты жіберіп алуға мәжбүр.
Қазақстан құрамасының қатысушы спортшылар тізімі келесідей:
48 келі. Ернар Қарап
51 келі. Кенже Мұратұлы
54 келі. Нұрсұлтан Алтынбек
57 келі. Ерболат Сабыр
60 келі. Руслан Күзеубаев
63,5 келі. Ерасыл Танкай
67 келі. Елнұр Сүйінбай
71 келі. Сабыржан Аққалықов
75 келі. Диас Молжігітов
80 келі. Ерасыл Жақпеков
86 келі. Темірлан Мұқатаев
92 келі. Бекнұр Батырбек
+92 келі. Аманат Сабырғали