
Алматыда еркін және грек-рим күресінен ардагерлер арасындағы үшінші халықаралық турнир аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жүлде қоры 12 млн теңгені құраған турнир екі күн бойы Sadu Arena спорт кешенінде дүркіреп өтті, деп жазады Sportbugin.kz.
«Ардагер алаңы» турниріне биыл 500-ге жуық балуан қатысты. Балуандар додасында Қазақстан өңірлерінен бөлек, АҚШ, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген спортшылар бақ сынады.
Турнирді ұйымдастырушы Ерлан Малаевтың айтуынша, бұл доданы өткізудегі басты мақсат — спортты насихаттап, ардагерлер күресіне ерекше мән беру, сондай-ақ, Алматы қаласын шетелдік балуандар бас қосатын мекенге айналдыру.
«Қазір жасы келген балуандар да қарап жатқан жоқ. Күресіп көрген адам үшін кілемнен кете салу қиын нәрсе ғой. Жасым алпысқа жақындаса да, өзім әлі күнге дейін күресемін. Алматы қаласының өзінде мен сияқты күреспен шұғылданатын жүздеген адам бар. Олар үшін кілем тауып, жаттығу қиын емес. Есесіне, халықаралық жарыстарға қатысып, ардагерлер арасында өтетін шетелдегі бәсекелерде бақ сынау өте қиын. Жол шығынын көтеріп, қолдайтын адам жоқ. Сондықтан, біз шетелдік балуандарды елге әкеліп, жарыс өткізуді қолға алдық. Біздің биылғы бәсекемізге сонау Америкадан балуандар келді. Олар жарыстың ұйымдастырылу деңгейіне риза болып кетті. Келесі жылы қайтадан келуге уәде берді. Сондай-ақ, алдағы уақытта біз Еуропа елдерінен спортшылар шақырамыз», — дейді Малаев.
Алматы төріндегі балуандар бәсекесі түрлі жас деңгейі мен дивизиондар бойынша өткізілді. Жарыста халықаралық дәрежедегі төреші, Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында төрелік еткен Игорь Лигай бас қазы атанды.
Сондай-ақ, турнир барысында төрешілерге арналған семинар өткізілді.
Келесі жылы «Ардагер алаңы» турнирі төртінші рет, 9-11 мамыр аралығында ұйымдастырылады.
«Ардагер алаңы» үшінші халықаралық турнирінің жеңімпаздары:
Грек-рим күресі, А дивизионы:
62 келі: Илгиз Сағынов (Қырғызстан)
70 келі: Жолдыбай Тоқбаев
78 келі: Қалыс Қамчыбеков (Қырғызстан)
88 келі: Магомед Зубаиров
100 келі: Қанат Көпбаев
130 келі: Санат Қанапиянов
Грек-рим күресі, В дивизионы:
62 келі: Жігер Райымбеков
70 келі: Дәулет Нұрғазин
78 келі: Асылбек Әлкей
88 келі: Нұрқанат Ауғанбаев
100 келі: Хамит Сембаев
130 келі: Бағлан Ергешбаев
Грек-рим күресі, С дивизионы:
62 келі: Самат Оспан
70 келі: Александр Цыганов
88 келі: Есентай Қаппар
100 келі: Ришат Еслямов
Грек-рим күресі, D дивизионы
62 келі: Нұржан Нұрбеков
70 келі: Серікхан Нұрәлиев
78 келі: Махмұт Орман
88 келі: Сәкен Ахметжанов
100 келі: Риггс Элвин (АҚШ)
130 келі: Алексндр Румин (Ресей)
Грек-рим күресі, Е дивизионы
62 келі: Бағашар Қыпшақов
70 келі: Иран Оразбеков
78 келі: Манасбек Мұратәлиев (Қырғызстан)
88 келі: Қайнарбек Бұқпанов
100 келі: Кенжебек Оңалбаев
130 келі: Марс Бахиев
Еркін күрес, А дивизионы
62 келі: Дәулет Бекқожаев
70 келі: Айдос Рысжанов
78 келі: Амандық Бәкеев
88 келі: Магомед Зубаиров
100 келі: Дулат Аханов
130 келі: Руслан Вагизов
Еркін күрес, В дивизионы
62 келі: Тумэн Васильев (Ресей)
70 келі: Нұрлан Серікбол
78 келі: Асылбек Әлкей
88 келі: Аңсаған Құсайынов
100 келі: Қайсар Боранбаев
130 келі: Бағлан Ергешбаев
Еркін күрес, С дивизионы
62 келі: Ербол Дүкенбаев
70 келі: Руслан Қоншыбаев
78 келі: Санжарбек Мырзақұлов (Қырғызстан)
88 келі: Есентай Қапар
100 келі: Замирбек Батырбашиев (Қырғызстан)
130 келі: Азат Мырзамбетов
Еркін күрес, D дивизионы
62 келі: Самат Айтқұлов
70 келі: Саят Есбатыр
78 келі: Кеңесбай Сариев
88 келі: Асқар Клушев
100 келі: Элвин Риггс (АҚШ)
130 келі: Александр Румин (Ресей)
Еркін күрес, Е дивизионы
62 келі: Бағашар Қыпшақов
70 келі: Азамат Байғабылов
78 келі: Тоқтасын Бекболатов
88 келі: Бахадыр Абдикаримов
100 келі: Кенжебек Оңалбаев
130 келі: Марс Бахиев