
Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Астанада өтетін World Boxing әлем кубогына қатысатын боксшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Өз елімізде өтетін турнирде ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылары бақ сынайды. Олар:
50 келі: Санжар Тәшкенбай
55 келі: Махмұд Сабырхан
60 келі: Серік Теміржанов
65 келі: Ертуған Зейнуллинов
70 келі: Абылайхан Жүсіпов
75 келі: Сабыржан Аққалықов
80 келі: Нұрбек Оралбай
85 келі: Бекзад Нұрдәулетов
90 келі: Сағындық Тоғамбай
+90 келі: Айбек Оралбай
Айта кетелік, Астанадағы әлем кубогы 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.