
2025 жылдың 24–30 мамыр аралығында Астана қаласында, «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде (Тұран даңғылы, 59) ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы өтеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Кубокқа еліміздің барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар қалаларынан 1000-ға жуық балуан қатысады. Биылғы жылы турнирдің басты мақсаты – алдағы әлем чемпионаттарына қатысатын ұлттық құрама командалардың негізгі құрамын жасақтау болғандықтан, бұл жарысқа халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген танымал спортшылар да қатысады.
Кубоктың құрметті қонақтары қатарында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері – Юрий Мельниченко, Ислам Байрамуков, Ермахан Ибраимов, Серік Сәпиев және басқа да елімізге белгілі спортшылар болады.
24 мамыр күні сағат 10:00-де «Qazaqstan» спорт кешенінде бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Салтанатты ашылу рәсімі сол күні сағат 17:30-да басталады. Алғашқы күні боз кілемге еркін күрес балуандары шығады.