
Алидар Абдукаримов — жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, деп жазады Sportbugin.kz.
Ташкентте өтіп жатқан жастар арасында таеквондодан (WT) әлем біріншілігінде 68 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Алидар Абдукаримов жартылай финалда өзбекстандық Аюбхон Набиевке жол берді. Оған дейін үш жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен.
Қазірге дейін Қазақстан құрамасының еншісінде 1 алтын және 3 қола медаль бар. Алтын жүлдені Айым Серікбаева иеленсе, қола медальдарды Алидар Абдукаримов, Ерасыл Ергеш және Ислам Медетбай жеңіп алды.
