Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінде Қазақстан тағы қола жүлде жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстандық дзюдошы Аруна Жангелдина (-78 кг) қола медаль үшін өткен белдесуде тайбэйлік Чье-Хси Ваннан басым түсті. Осылайша, Қазақстан қоржынына төртінші қоланы салды.
Өкінішке қарай, 100 келіге дейінгі салмақта қола медальға күрескен Нұрлыхан Шархан қытайлық қарсыласына есе жіберді.
Айта кетелік, кеше Қазақстан қоржынына Әділет Алмат (81 келі) алтын медаль салған болатын.
