Испанияның Бенидорм қаласында дзюдодан Еуропа кубогы өтіп жатыр. Аталған сында Қазақстан құрамасы алғашқы алтынын алып үлгерді, деп жазады Sportbugin.kz.
Ерлер арасында 66 келіде бақ сынаған Нұрмұхамет Ботабай чемпион атанды. Ол турнир барысында Грекия мен Германия балуандарын және Францияның екі спортшысын жеңді.
Жартылай финалда өзінің командаласы Ақжігіт Насырдан басым түссе, ақтық сында америкалық Али Бернилерді ұтты. Осылайша,Нұрмұхамет Испания төрінде алтын медаль еншілеп отыр.
Ал Ақжігіт Насыр қола медаль үшін өткен кездесуде германиялық Флориан Бокерге есе жіберген.
