Қазақстанның даңқты балуаны, Алмат Кебіспаев Қарағанды облыстық күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Осылайша, ел спортының үздіктерінің бірі кәсіби мансабындағы тағы бір жаңа кезеңді бастап, өңірдегі күресті дамыту ісіне атсалыспақ.
Айта кетейік, Алмат Кебіспаев — әлем чемпионаттарында бір күміс және төрт қола медаль жеңіп алған. Азия ойындарында екі рет жүлде алып, Азия чемпионаттарында алты мәрте жеңіс тұғырына көтерілген.
