2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының алғашқы матчында Мексика құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Алаң қожайындары Оңтүстік Африка құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктіріп, турнирді сәтті бастады.
Кездесудің 9-минутында Хулиан Киньонес есеп ашып, Мексиканы алға шығарды. Ал екінші таймда Рауль Хименес мергендік танытып, матчтағы соңғы нүктені қойды.
Оңтүстік Африка құрамасы ойын барысында екі ойыншысынан айырылды. Алдымен 49-минутта Сиябанга Ситоле, кейін 84-минутта Тембинкоси Зване қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Қосымша уақытта Мексика сапынан Сесар Монтес те алаңнан шығарылды.
Осылайша, Мексика құрамасы алғашқы турда маңызды үш ұпай еншіледі.
